2661

Грузияда жоғалып кеткен қазақстандық жігіт өлі күйінде табылды

Ақпаратты марқұмның туыстары растады.

Грузияда жоғалып кеткен қазақстандық жігіт өлі күйінде табылды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Грузия астанасы Тбилиси қаласында 27 жастағы Қазақстан азаматы Шыңғыс Мұсаәділовтің денесі табылды. Ол 4 тамызда із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Ақпаратты марқұмның туыстары растады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Шыңғыстың достарының айтуынша, ол соңғы рет жексенбіден дүйсенбіге қараған түні түнгі сағат 3 пен 4 шамасында Тбилисидегі «Руставели» метро станциясына жақын орналасқан Laila түнгі клубы маңында көрінген. Сол түннен кейін ол үйіне оралмаған және жұмысқа шықпаған. Бұл – оның әдетіне мүлде жат қылық болған.

Жоғалған жігітті табу үшін жақындары мен достары полицияға хабарласып, әлеуметтік желілерде іздеу жариялады. Олар Шыңғыстың ерекше белгілерін де көрсеткен: бойы 170 см, орта денелі, қара шашты (шашында ақшыл жолақ бар), көзі жасыл-қоңыр. Жоғалған сәтте ол қою жасыл зығыр көйлек пен күңгірт сұр шалбар киген.

Қазақстанның Грузиядағы елшілігі оның қаза тапқанын ресми түрде растады.

Алайда марқұмның өліміне қатысты нақты мәліметтер әзірге жарияланған жоқ. Грузия полициясы тергеу құпиялығына және жеке деректерді қорғау заңына сәйкес қосымша ақпарат бере алмайтынын айтты.

Материал авторы