«ҚТЖ-Жүк тасымалы» басшысының орынбасары боқауыз айтқанына қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

07.08.2025, 10:51
2472
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» басшысының орынбасары боқауыз айтқанына қатысты пікір білдірді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Дауыс көтеруге мәжбүр болдым дейді Асан Үмбетов.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Асан Үмбетов өзінің қатысуымен тараған даулы видеоға қатысты пікір білдірді.

Видеоны басында Үмбетов жұмыс жолын қарапайым қызметтен бастағанын және машинист ретінде жинаған тәжірибесін айтып береді. Бұдан соң ол кең тараған даулы жағдайға тоқталды.

«Бұл видеоны бәріміз көрдік, мен де көрдім. Ондағы жағдайлар шынымен орын алған. Мен бұл жиналысты теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігіне арнап өткіздім. Мұндағы мақсат — нақты біреуді кінәлау емес, әріптестеріміздің жұмыс сапасын жақсартып, кемшіліктерді түзету еді. Сол себепті дауыс көтеруге мәжбүр болдым», – деді Үмбетов.

Оның айтуынша, видеоны көрген соң өзінің қателіктерін түсінген.

«Кейін басшылық маған ескерту жасады. Алдағы уақытта әріптестермен қарым-қатынаста бұл ескерілетін болады», – деді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеода Асан Үмбетовтың қызметкерлерге боқауыз сөздер айтып, ашулы күйде сөйлегені байқалады. Бұл жайт қоғамда қызу талқыға түсті.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады