ЖСДП Мәжіліске өткен депутаттардың есімдерін атады
27 наурызда Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда Мәжіліске 4 депутаттық мандат үлестірілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Олар:
Нұрлан Әуесбаев
Асхат Рахымжанов
Ажар Сағындықова
Наурыз Сайлаубай
"ЖСДП партиялық тізіміне 19 кандидат енгізілді. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша кандидаттар үшін белгіленген талаптарға сай. Әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған квота орындалды", - деп хабарлады ЖСДП өкілдері.