SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының прокуратурасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасына байланысты тергеудің тоқтау себебін түсіндірді. Бұл туралы ақпараттық порталдың сауалына берілген ресми жауапта мәлім болды.
Прокуратура дерегінше, Алматы облысы ПД тергеу басқармасы ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.
Ведомствоның мәліметінше, істі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілген. Жиналған дәлелдер мен сараптама қорытындыларына сүйене отырып, Ғайыпбаевтың өлімі суицид салдарынан болғаны анықталған. Тергеу нәтижесінде үшінші тұлғалардың оның өзіне-өзі қол салуына ықпал еткенін растайтын деректер табылмаған. Осыған байланысты 2025 жылдың 17 маусымында іс ҚПК талаптарына сәйкес тоқтатылған.
Бұл оқиға — соңғы жылдары Талғар ауданында болған қайғылы тізбектің бір бөлігі.
2023 жылдың 4 қазанында жаппай төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты. 2024 жылдың 12 қазанында марқұмның отбасына тиесілі үй өртеніп, полиция «Бөтеннің мүлкін қасақана жою» бабы бойынша іс қозғады. Сол жылдың желтоқсанында Шерзаттың ағасы — Нұрқанат Ғайыпбаев өлі күйінде табылды.
RUS