Мемлекеттік грантқа ілікпегендер қалай тегін оқи алады?

08.08.2025, 10:11
335
Мемлекеттік грантқа ілікпегендер қалай тегін оқи алады? SMARTNEWS.KZ коллажы

Министр Саясат Нұрбек тегін оқудың жолдарын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда биыл 77 мыңнан астам талапкер мемлекеттік білім грантына қол жеткізді. Алайда бұл көрсеткішке жету оңай болмады — биыл конкурсқа қатысуға өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық өтініш түскен. Соның салдарынан бәсекелестік күшейіп, көптеген талапкер грантсыз қалды.

Бірақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тегін оқудың өзге де жолдары бар екенін айтады. Министр Саясат Нұрбектің мәліметінше, грантқа ілікпеген түлектер мына мүмкіндіктерді қарастыра алады:

— Университеттердің ректорлық гранттары. Белсенді, озат және әлеуметтік осал санаттағы талапкерлерге беріледі. 2025 жылы мұндай грант саны 2 мыңнан асты. Мәселен, «Туран-Астана» университеті «Алтын белгі» иегерлеріне және ҰБТ-дан 100+ балл жинағандарға төрт жылдық тегін оқу ұсынады. Ал Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 680 мақсатты грант бөлген.

Әкімдік гранттары. Өңірлер мен қалалардың әкімдіктері еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға және әлеуметтік әлжуаз топтарға арнап бөлетін оқу гранттары. 2025 жылы жергілікті атқарушы органдар 1700-ден астам грант қарастырған.

Жұмыс берушілердің мақсатты гранттары. Бұл оқу орны мен жұмыс беруші арасындағы келісім аясында беріледі және оқу бітірген соң жұмысқа орналастыруды көздейді.

Жеке қорлар мен демеушілердің гранттары. Мысалы, «Қазақстан халқына» қоры 500 грант бөлсе, KAZENERGY қауымдастығы инженерия, IT, жаратылыстану, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары бойынша оқуға қаржы бөледі. «Қазатомпром» АҚ-ның Murager бағдарламасы ауыл жастарына уран өндірісі, геология, энергетика, экология және ғылым бағыттарында білім алуға мүмкіндік береді.

Саясат Нұрбек атап өткендей, кейде талапкерлер өз грантынан бас тартуы мүмкін — ондай жағдайда ол келесі үміткерге беріледі. Сондай-ақ ақылы бөлімде оқып жүріп, үздік үлгерім арқылы грантқа ауысуға болады.

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланған болатын. Көпшілік техникалық және педагогикалық мамандықтарды таңдаған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды