Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

28.03.2023, 13:42
646
Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады mcdonalds.kz

Айыптаушы тарап Қайрат Боранбаевтың мүлкін тәркілеп қана қоймай, онымен бірге сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Прокурор Айжан Аймағанова:

"Қ.С.Боранбаев 28-баптың 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына қызмет атқару құқығынан айырумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 28-баптың 5-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 218-бап, 3-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 58 баптың 3-бөлігі бойынша неғұрлым жеңіл жазаны үлкенірек жазамен сіңіріп, ақырында Боранбаевты мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын".

2022 жылғы 26 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сонымен қатар "Qazaq Gaz" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Сотталушылар сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру кезінде 14,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Бұл іс бойынша сот отырысы Астанада 30 желтоқсанда басталды.

Қайрат Боранбаев пен "АзияГазЧунджа" ЖШС-нің екінші құрылтайшысы Роман Нахановқа сеніп тапсырылған мүлікті жымқыру, заңсыз ақша мен мүлікті заңдастыру қылмысына қатысы бар деген айыптар тағылып отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды