Семейде жаяу жүргіншілер жолағында зейнеткерді көлік қағып кетті
Бүгін таңертең зейнеткерді Cobalt жүргізушісі қағып кетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 8 тамыз күні таңғы сағат 10:30 шамасында Семей қаласында зейнеткер әйелді көлік қағып кетті.
Алдын ала мәлімет бойынша, 48 жастағы Chevrolet Cobalt жүргізушісі Шәкәрім даңғылынан Елемесов көшесіне қарай қозғалып келе жатып, Абай көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында 72 жастағы әйелді қағып өткен.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетіп, жол-көлік оқиғасы болған аумақты қоршауға алып, жол қозғалысын реттеген. Зардап шеккен әйел медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізілуде.
Материал авторы