АҚШ-та «Trump Burger» мейрамханасының иесіне депортация қаупі төнді

08.08.2025, 14:56
344
АҚШ-та «Trump Burger» мейрамханасының иесіне депортация қаупі төнді AP Photo - Trump Burger screenshot

Трамп атындағы мейрамханалар желісінің иесі елден кетуі мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Иммиграция және кедендік полициясы (ICE) Техастағы Дональд Трамп атындағы мейрамханалар желісінің тең иесі Роландо Бейниді елден шығарып жіберуі мүмкін.

«Trump Burger» мейрамханасы 2020 жылы ашылған. Мұнда президенттің есімі жазылған бургерлер мен «Бірінші ханым» атауымен сатылатын тауық сэндвичі ұсынылады. Ішкі безендірілуі толықтай «патриоттық» стильде жасалған – қабырғаларда Трампқа қатысты естелік заттар мен сувенирлер ілінген.

Алайда Ливан тумасы 28 жастағы Бейни, иронияға толы жағдайда, дәл осы мекемені құрған Трамп кезінде негізін қалаған ICE ведомствосының тергеу нысанына ілікті. Оған иммиграциялық өтініш кезінде жалған ақпарат берген деген айып тағылып отыр.

Тергеу дерегінше, Бейни заңды мәртебе алу үшін жалған некеге тұрған. Бұған қоса, оның өткенінде тағы да жалған некелер мен шабуыл жасау деректері болғаны айтылды. Ол АҚШ-қа 2019 жылы келген және «Trump Burger» желісінің 50%-ына иелік ететінін мәлімдеген.

Биыл жыл басында Бейни ұсталғанымен, кейін кепілмен босатылған. Оның ісі бойынша келесі сот тыңдауы 18 қарашада өтеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды