Германия Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатты
Шешім Газа секторындағы гуманитарлық жағдайға байланысты қабылданғанын айтты Германия басшысы.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Германия Израильге, әсіресе Газа секторында қолданылуы мүмкін қару-жарақ пен әскери техника экспортын уақытша тоқтатты. Бұл туралы ел канцлері Фридрих Мерц Bild басылымына берген сұхбатында хабарлады.
Мерцтің айтуынша, шешім Газа секторындағы гуманитарлық жағдайға байланысты қабылданған.
«Германия Газа секторында қолданылуы мүмкін әскери техниканы экспорттауға рұқсат бермейді. Бұл шектеу келесі хабарламаға дейін күшінде болады», — деді ол.
Канцлер Израиль үкіметін Газа қаласына жоспарланып отырған ауқымды операция аясында палестиналықтарға азық-түлік пен гуманитарлық көмек жеткізуді күшейтуге шақырды.
«Соңғы күндері жасалған оң қадамдар жалғасуы керек. Израиль гуманитарлық жағдайды жан-жақты және тұрақты түрде жақсартуға міндетті. БҰҰ мен басқа да гуманитарлық ұйымдардың толық қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет», — деді Мерц.
Бұған дейін Израильдің әскери-саяси кабинеті Газа секторын кезең-кезеңімен бақылауға алу жоспарын мақұлдаған. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху операцияның мақсаты ХАМАС қозғалысын толық жою, палестиналықтарды оның билігінен босату және Израиль қауіпсіздігін нығайту екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери қимылдармен қатар бейбіт тұрғындарға соғыс аймағынан тыс жерлерде гуманитарлық көмек көрсетіледі.
Материал авторы