559

Шымкентте автобус ішінде жолаушы әйелді шашынан тартып, бірнеше рет тепкен

Автобус ішінде екі әйел төбелескен көрінеді.

Шымкентте автобус ішінде жолаушы әйелді шашынан тартып, бірнеше рет тепкен
Татьяна Корякина / Kazinform

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте №21 бағыттағы қоғамдық көлікте екі әйелдің арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты.

Тергеу деректеріне сүйенсек, қала тұрғыны С. биыл 25 маусымда автобуста келе жатып, жолаушы Б-ның шашынан тартып, бірнеше рет тепкен. Салдарынан жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған.

Оқиғаға байланысты С.-ға Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы («Бұзақылық ниетпен жеңіл зиян келтіру») бойынша айып тағылды.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, үйінде асырауындағы балалары барын айтты. Қаралған іс материалдарында қылмысты ауырлататын мән-жай анықталмады.

Сот С.-ны кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы