407

Абай облысында су құбыры желілерін тартуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Бұл қаражат қайтарылған заңсыз активтердің есебінен алынбақ.

Абай облысында су құбыры желілерін тартуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
primeminister.kz / SHukir SHAKHAY

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекетке қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен Абай облысында сумен жабдықтау инфрақұрылымын дамытуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы Арнаулы мемлекеттік қордан бөлініп, өңірде 21 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның жетеуі – Семей қаласында. Қалғандары Бородулиха, Үржар және Абай аудандарындағы ауылдық елді мекендерді қамтиды.

Үкімет мәліметінше, жобалар биыл аяқталып, нысандар пайдалануға беріледі. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, қазір Семейдегі сумен қамту деңгейі – 95,5%, ал облыс ауылдарында – 95%.

Бұл бастама халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.

Материал авторы