Нетаньяху: «Мақсатымыз – Газаны оккупациялау емес, оны ХАМАС-тан азат ету»

11.08.2025, 09:48
334
Нетаньяху: «Мақсатымыз – Газаны оккупациялау емес, оны ХАМАС-тан азат ету» Abir Sultan / AP / ТАСС

Ол Израильді сынайтындарға жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторындағы әскери операцияны кеңейту жоспарын қорғап, елдің «соңына дейін барудан басқа жолы жоқ» екенін мәлімдеді.

Иерусалимде шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесуінде ол: «Біздің мақсатымыз – Газаны оккупациялау емес, ХАМАС террористерінен азат ету», – деді.

Премьердің айтуынша, операцияның негізгі міндеттері – тұтқындарды босату, ХАМАС-ты толық жою, Газаны қарусыздандыру және қауіпсіздікті Израиль әскері қамтамасыз ететін, ал басқаруды «израильдік емес азаматтық әкімшілік» жүргізетін жүйе құру.

Нетаньяху халықаралық аренада Израиль саясатына қарсы «жалған ақпарат науқаны» жүріп жатқанын айтып, сыншыларға жауап берді. Сондай-ақ ол Израиль қорғаныс күштеріне шетелдік журналистерді көбірек тарту туралы тапсырма бергенін жеткізді.

Германия канцлері Фридрих Мерцтің Израильге кей әскери жабдық экспортын тоқтату шешіміне қатысты Нетаньяху: «Ол – Израильдің досы, бірақ бұл жолы ол жалған ақпарат пен ішкі қысымға берілді», – деп пікір білдірді.

Сонымен қатар премьер 2023 жылғы 7 қазандағы ХАМАС шабуылын ұмытпауға шақырды. Сол күні 1200-ге жуық адам қаза тауып, 251 адам тұтқындалған еді. Қазір олардың шамамен 50-і әлі Газада, 20-сының тірі екені белгілі.

Биліктің Газа қаласын басып алу жоспары Израиль ішінде де наразылық туғызды. Сенбі күні Тель-Авивте өткен ірі антиүкіметтік митингте марқұмдардың, бостандыққа шыққан және әлі де тұтқында отырғандардың туыстары келесі аптада жалпыұлттық ереуіл жариялауға шақырды.

Жексенбі күні Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Иордан өзенінің Батыс жағалауының солтүстігіне барып, онда әскер кемінде жыл соңына дейін қалатынын мәлімдеді. Биыл бұл аймақта 40 мыңға жуық палестиналық үйінен айырылып, 1967 жылдан бергі ең ірі көшіру жағдайы тіркелді. Израиль бұл әрекеттерді қауіпсіздік мақсатында жасап отырғанын айтады.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті