Перизат Қайрат пен анасын қорғаушы адвокат үкімге шағым түсірді
Олар ақталуды көздеп отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаты сот үкіміне апелляциялық шағым беріп, айыптау үкімін жоюды және қорғауындағы адамдарды қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды талап етті.
Адвокат Арман Давлетьяровтың айтуынша, құжат сотқа жолданған, алайда оны қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Еске салайық, 25 шілдеде сот Перизат Қайратты орташа қауіпсіздік колониясында 10 жылға бас бостандығынан айыруға, ал анасын 7 жылға қамауға үкім еткен болатын. Екеуі де алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Давлетьяров сот шешімін «негізсіз және заңсыз» деп атап, оны міндетті түрде қайта қаратуға ниетті екенін айтқан.
Материал авторы