SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бангкокта (Тайланд) өтіп жатқан жастар арасындағы (U-19 және U-22) Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір алтын медаль қосты.
22 жасқа дейінгі боксшылар сайысында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақыт Сейдіш финалда өзбекстандық Ойша Тоировамен кездесіп, айқын жеңіске жетті.
Бірінші раундта Тоирова 3:2 есебімен алға шыққанымен, екінші кезеңде Сейдіш толық басымдық танытып, 5:0 нәтижесін тіркеді. Финал соңында да төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға беріп, жалпы есепті 5:0 деп бекітті.
Осылайша Бақыт Сейдіш алтын медаль еншілесе, Ойша Тоирова күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Сейдіш биыл мамырда Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында да жеңімпаздар қатарында болған. ASBC және IBA қолдауымен өткен сол жарыста Қазақстан құрамасы жалпы есепте 41 алтын медаль жеңіп алған еді.
RUS