Нұрлан имам: Қара жамылу – біздің салтқа жат

11.08.2025, 12:31
486
Нұрлан имам: Қара жамылу – біздің салтқа жат instagram.com/nurlanimam.kz

Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы әсіре діншілдік, фанатизм және сыртқы келбеттің иман өлшемі еместігі туралы айтты.

Еліміздің тарихында діни ағартушылықты жалғап, елге өнеге болған әулие-әнбие, ишан-молдалар аз болмаған. Бүгінде де сол жолды жалғап, қоғамда имандылықты насихаттап жүрген тұлғалар бар. Солардың бірі – Астанадағы Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы, халық арасында «Нұрлан имам» атымен танымал Нұрлан Байжігітұлы. Қазақы болмысымен, діни білімінің тереңдігімен және елмен етене тіл табысуымен жұрттың құрметіне бөленген ол иман, дәстүр және қоғам мәселелері жөнінде өз ойымен Astana Aqshamy басылымына берген сұхбатында бөлісті.

Нұрлан имамның айтуынша, оның имамдық жолға түсуіне ең алдымен нағашы атасы – Меркі медресесінде қызмет атқарған Жақсымбет ақсақал себепкер болған. Атасының мешіт пен шәкірттерге сіңірген еңбегі, әжесі Жаңылдың қатаң әрі жүйелі тәрбиесі оның бойына жауапкершілік пен білімге құштарлық дарытқан.

Балалық шағында мешітке атасымен бірге барып, ақсақалдардың даналығын көріп өскен ол, имам болғысы келген кез келген жас тек мектептен емес, осындай рухани ортадан да тағылым алуы тиіс дейді.

«Әжем жаңылтпаш, мақал-мәтел, билердің нақылын жаттататын. Бұл – сөз қорымды байытып, көпшілік алдында сөйлеуіме үйретті», – дейді имам.

Ол имам үшін діни біліммен қатар педагогика, психология, саясаттану секілді пәндерді білу маңызды екенін атап өтті. «Көп адам әр мәселені тек Құран мен хадиске сүйеп, тыңдарманның қабылдау деңгейін ескермейді. Соның салдарынан қоғамда түсінбеушілік туады», – дейді ол.

Нұрлан Байжігітұлының пікірінше, дін – рухани бағдар, дәстүр – ұлттық болмыс.

«Дәстүрді шариғат таразысына салып, заман талабына сай жаңарту, ал дінді ұлттық болмыспен ұштастырып түсіндіру керек. Екеуі де ұлтымызды өрге сүйреген құндылықтар, оларды бөлуге болмайды», – дейді ол.

Имам әсіре діншілдіктің қоғамға зиян тигізетінін де ескертті. «Ұлттық киім – имандылықтың символы. Бетін тұмшалап, қап-қара киіну – біздің салтқа да, өмірімізге де жат», – деп санайды ол.

Қазіргі жастардың дінге бет бұруын имам екі қырынан бағалайды. Бір жағынан, ақпаратқа қолжетімділік артқан, екінші жағынан, сарапсыз еліктеу мен фанатизм көбейген.

«Көпшілік уағыз тыңдайды, бірақ оны өміріне енгізбейді. Ал алған білімін дұрыс түсінбей, өзгеге үйретуге асығатындар да бар», – дейді ол.

Киім – иманның бір ғана белгісі, бірақ адамның діндарлығын сыртқы келбетіне қарап бағалау қате, дейді Нұрлан имам.

«Мәселе – жүректегі сенімде. Ішкі болмыс түзелсе, ол сыртқы бейнеде көрініс табады», – деп түйіндейді ол.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады