Газада «Аль-Джазира» тілшілері Израиль соққысынан қаза тапты

11.08.2025, 15:01
528
Газада «Аль-Джазира» тілшілері Израиль соққысынан қаза тапты AP

Бес журналист қайтыс болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Газа қаласындағы «Аш-Шифа» ауруханасы аумағына жасалған әуе шабуылы салдарынан «Аль-Джазира» телеарнасының бес қызметкері қаза тапты. Олардың арасында танымал палестиналық тілші Анас аш-Шариф, журналист Мохаммед Курейка және үш оператор бар.

Медициналық дереккөздердің айтуынша, соққы аурухананың зақымдалған ғимараты маңындағы журналистерге арналған шатырға тиген. Шабуылдан тағы кемінде үш бейбіт тұрғын көз жұмды.

Израиль қорғаныс күштері аш-Шарифтің нысаналы түрде атылғанын растады. Әскерилер оны ХАМАС-тың жасырын ұяшығын басқарып, өзін журналист ретінде көрсеткен деп айыптады. Бұған дейін аш-Шариф пен «Аль-Джазира» бұл мәлімдемелерді жоққа шығарған. Израиль тарабы Газа секторында табылған барлау деректері мен құжаттар оның ХАМАС-пен байланысын дәлелдейді деп отыр. Сондай-ақ ЦАХАЛ өкілдері тілшіні «Израильдің бейбіт тұрғындары мен әскеріне қарсы зымыран шабуылдарын басқарған» деп мәлімдеді.

Бұл соққы израильдік әскерилердің аш-Шариф пен «Аль-Джазира» журналистерін ХАМАС және «Исламдық жиһад» топтарына қатысы бар деп алғаш айыптағанынан бір жыл өтпей жасалды. 24 шілдеде Израиль армиясының өкілі Авичай Адраи да телеарнаны және аш-Шарифті ХАМАС-тың әскери қанатымен байланысы бар деп сынға алған.

Өткен айда Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) тілшінің қауіпсіздігіне алаңдап, оны «Израиль әскери күштерінің қаралау науқанының» нысанасына айналды деп мәлімдеген еді.

«Аль-Джазира» жексенбі күнгі әуе соққысын «қасақана жасалған кісі өлтіру» деп айыптады. 28 жастағы аш-Шариф Газа секторында қақтығысты оқиға орнынан үздіксіз хабарлап, Израильдің медиаға тыйымына қарамастан ақпарат таратумен танылған.

Оның қазасынан кейін X әлеуметтік желісіндегі парақшасында достары жариялаған соңғы жазбасында тілші:
«Мен өз халқымның үні мен тірегі болу үшін бар күшімді салдым. Шындықты еш бұрмалаусыз жеткізуден бір күн де тайынған емеспін» деп жазған.

CPJ дерегінше, 2023 жылғы қазан айында Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс басталғалы 186-ға жуық журналист қаза тапқан. Бұл — соңғы жылдардағы тілшілер үшін ең қауіпті қақтығыстардың бірі болып отыр.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті