511

Көкшетаулық тұрғын inDrive таксистерінің тосын әрекетіне шағымданды (ВИДЕО)

Таксистер «жазаламақ» болған көрінеді.

Көкшетаулық тұрғын inDrive таксистерінің тосын әрекетіне шағымданды (ВИДЕО)
Дмитрий Матовников

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетау қаласының тұрғыны Наиля Абдухаликова әлеуметтік желіде inDrive қосымшасы арқылы жолға серік жолаушы іздеу кезінде болған жағымсыз оқиға туралы айтып берді.

Оның айтуынша, өзі және қасындағы адамдар Көкшетаудан Петропавлға бару үшін қосымшаға өтініш қалдырып, үш жолаушы іздеген.

«Жарнама бердік, кейін артқы орынға отыруға ниет білдірген адамдарға өзіміз хабарластық. Олар мекенжайын айтып, келуімізді сұрады. Біз бардық, күтіп тұрдық. Қоңырау шалсақ, не алмайды, не сөндіріп тастайды. Кейін WhatsApp арқылы “қазір шығамыз” деп жазды», — дейді Наиля.


бейнежазбадан

Біраздан соң оларға мессенджер арқылы хабарлама келген. Онда таксистер үш адамды 14 мың теңгеге алып баруға келіскендері үшін осылай «сабақ» бермек болғанын жазған.

«Қазір inDrive арқылы дұрыс жүргізуші табу қиын, өйткені осындай адамдар кездеседі», — деп шағымданды ол.

Сервис өкілдері де бұл жағдайға пікір білдірді. Компания кез келген тапсырысты әдейі бұзу әрекеті ережеге қайшы екенін және мұндай жүргізушілердің аккаунты бұғатталатынын мәлімдеді.

«Бұл жағдайды тексеріп, шара қолданамыз. Хабарлағаныңыз үшін рахмет», — деді inDrive қолдау қызметі.

 

Материал авторы