Алматыда автобус жүргізушісі ескерту жасаған жолаушыға тап берді (ВИДЕО)

11.08.2025, 17:12
389
Алматыда автобус жүргізушісі ескерту жасаған жолаушыға тап берді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Жүргізуші қозғалыс кезінде телефон қолданған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Алматыдағы автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжалдың видеосы тарап жатыр.

 

Кадрларда жолаушы жүргізушіге көлік тізгінінде отырып телефон қолданбау керек екенін ескерткен. Бұған жүргізуші дөрекі жауап беріп, жолаушының қолындағы телефонды тартып алмақ болған.

Кейін жүргізуші оны автобустан түсіріп жіберуге тырысып, өзі WhatsApp қолданғанын айтып ақталған. Алайда жолаушыны шығара алмаған соң, автобусты жүргізуден бас тартып, тек ол түскен жағдайда ғана қозғалысты жалғастыратынын айтқан.

Алматы полициясы жанжалға қатысқандардың жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

«Жүргізушінің әрекетіне заң талаптарына сәйкес құқықтық баға беріледі», – деді ведомство.

«Алматыэлектротранс» компаниясы тексеріс жүргізілгенін, жүргізушіге қатысты ішкі тәртіп ережелері бойынша шара қолданылатынын және жолаушылардан кешірім сұрайтынын хабарлады.

«Жүргізуші қозғалыс кезінде телефон қолданбауы тиіс. Сондай-ақ жолаушылар да жүргізушінің назарын бөлмеуі керек, себебі бұл барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне әсер етеді», – делінген компания мәлімдемесінде.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады