19 жастағы жігітті өлтіріп, атына 8 несие рәсімдеген әскери қызметкер 15 жылға сотталды

11.08.2025, 18:45
6977
19 жастағы жігітті өлтіріп, атына 8 несие рәсімдеген әскери қызметкер 15 жылға сотталды әлеуметтік желіден

Марқұм Жасұланның денесі екі күннен кейін Сарыағаш қаласынан табылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана гарнизонының әскери соты 19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты өлтірген ефрейтор Мурод Абдижамиловқа 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот үкіміне сәйкес, Абдижамилов марқұмның отбасына моральдық зиян ретінде 20 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Оның сыбайластары — Диас Ибрагимов 2 жыл 8 айға, ал Адина Мамаева 4 ай 6 күнге бас бостандығынан айырылды.

Оқиға биыл 19 ақпанда болған. Жасұлан Әбдіманапты таныстары қарыз мәселесін талқылау үшін шақырған. Кейін белгілі болғандай, оның атына 8 несие рәсімделген.

Тергеу дерегінше, сол күні кешке күдіктілер оны көлікпен қала сыртына алып кетіп, соққыға жыққан. Абдижамилов жас жігітке пышақ жарақатын салып, Жасұлан қашпақ болғанымен, небәрі 60 метр жүгіріп үлгерген. Қуып жеткен күдікті оған 17 рет пышақ сұққан.

Марқұмның денесі екі күннен кейін Сарыағаш қаласынан табылған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді