Ақтөбеде теміржол вокзалында пойыз бастығы қайтыс болды

12.08.2025, 09:13
684
Ақтөбеде теміржол вокзалында пойыз бастығы қайтыс болды бейнежазбадан

Күдікті пышақ шығарып, жәбірленушіге алты рет жарақат салған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе теміржол вокзалында 47 жастағы жолаушылар пойызының бастығы қаза тапты.

Полиция дерегінше, перронда оған бейтаныс ер адам келіп, темекі сұраған. Бас тартқан соң күдікті пышақ шығарып, жәбірленушіге алты рет жарақат салған.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, алайда жазба тергеу мүддесіне байланысты жарияланған жоқ.

Күдікті — 28 жастағы Ақтөбе тұрғыны, бұрын сотталған және пробациялық бақылауда болған. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, қайғылы жағдай марқұмның демалыста жүрген кезінде болған.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады