Трамп Қытаймен «тарифтік бітімді» тағы 90 күнге ұзартты

12.08.2025, 09:48
363
Трамп Қытаймен «тарифтік бітімді» тағы 90 күнге ұзартты AP Photo/ Andy Wong

Қос ел арасындағы сауда соғысы тоқтауы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен жасалған «тарифтік бітімнің» мерзімін тағы үш айға ұзартты. Бұл шешім дүйсенбі күні, бұрынғы келісімнің уақыты аяқталуына бірнеше сағат қалғанда қабылданды.

Ақ үй басшысы қол қойған жарлықсыз АҚШ-қа әкелінетін қытай тауарларына баж салығы 145%-ға дейін көтерілер еді.

Бұған дейін Қытайдың Сыртқы істер министрлігі Вашингтонның «теңдік, өзара құрмет және өзара тиімділік» қағидаттары негізінде оң нәтижеге ұмтылатынына үміт білдірген.

Сәуір айында Трамп Қытай өнімдеріне 245% көлемінде тариф енгізетінін мәлімдеген. Ал Пекин өз кезегінде 125% деңгейінде баж салығын бекіткен.

Алайда мамыр айының басында қос тарап 90 күндік «тарифтік бітімге» келіп, келіссөз жүргізу және ұстанымдарын нақтылау туралы уағдаласты.

Өткен айда Қытай және АҚШ делегациялары Стокгольмде кездесіп, бітім мерзімін тағы 90 күнге ұзарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Ақ үй өкілдері келіссөздің нәтижесіне оптимистік көзқараста және соңғы келісім алдағы үш айда жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Дегенмен, Трамп бұл мәселеге қатысты нақты болжам жасамай, тек Қытайдың және жеке Си Цзиньпиннің әрекеттерін жоғары бағалады.

Қос ел арасындағы сауда соғысы, былтырғы деректер бойынша, жиынтық ішкі жалпы өнімі шамамен 50 миллиард долларды құрайтын экономикаларға әсер етіп, әлемдік нарыққа ауыр соққы беруі ықтимал.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды