Солтүстік Корея Израильден Газадағы қантөгісті тоқтатуды талап етті
Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Кореяның Орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) хабарлағандай, КХДР Сыртқы істер министрлігі Израиль билігіне үндеу жолдап, Газа қаласын бақылауға алу жоспарын доғарып, сектор аумағынан кетуге шақырды. Министрліктің пікірінше, бұл жоспар халықаралық құқықты бұзады және «Израиль басшылығының қарақшылық мәнін айқын көрсетеді».
Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бүкіл Газа секторына әскери бақылау орнататынын мәлімдеген. Жоспарға палестиналықтарды Газа қаласынан шығару және құрлықтан шабуыл бастау кіреді.
«Халықаралық қауымдастықтың екі жылға жуық жалғасып келе жатқан жаппай қырғынды тоқтатуға бағытталған бірауызды үндеуін елемей, 8 тамыз күні Израиль билігі қираған Газа қаласын күшпен басып алуға шешім қабылдады», – делінген КХДР СІМ мәлімдемесінде.
Министрлік мәліметінше, Израильдің бұл «тирандық» шешімін әлем елдері жаппай айыптаған. 9 тамызда Мысыр, Катар, Сауд Арабиясы, БАӘ, Индонезия, Пәкістан, Нигерия және Түркияны қоса алғанда, шамамен 20 елдің сыртқы істер министрліктері бірлескен мәлімдеме жасап, бұл әрекетті «өзіне де, аймаққа да қауіпті» деп атады.
Сондай-ақ, мұндай қадам халықаралық қауымдастықтың бейбіт шешім табу жолындағы күш-жігерін бұзып, палестиналықтарға қарсы жаңа қылмыстарға әкелуі мүмкін екені ескертілді.
Материал авторы