782

Тоқаев бір соққымен тақтайды қақ бөліп, Головкин мен әлемдік шеберлерді таңғалдырды (ВИДЕО)

Мен бұл марапатқа лайық емеспін дейді таэквондодан қара белбеу иеленген Тоқаев.

Тоқаев бір соққымен тақтайды қақ бөліп, Головкин мен әлемдік шеберлерді таңғалдырды (ВИДЕО)
бейнежазбадан / Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік таэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоудың өтініші бойынша жаттығу тақтайына қолтаңба қалдырып, оны бір соққымен қақ жарды.

«Мен бұл марапатқа лайық емеспін, өйткені таэквондомен айналыспаймын. Сыйлықтарыңызды ақтау үшін таңертең бірнеше жаттығу жасауға тура келеді», — деп әзілдеді мемлекет басшысы кездесу кезінде.

Президенттің шалт қимылы залда отырған шенеуніктер мен Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкиннің қошеметіне ие болды.

Кездесу соңында Чунгвон Чоу Қасым-Жомарт Тоқаевқа таэквондодан ең жоғары марапат — 9-дан қара белбеуін табыс етті.

Материал авторы