620

Jusan Bank-тің қазіргі қаржылық жағдайы белгілі болды

Талдау барысында «Jusan» тобының активтерін басқару құрылымын өзгертудің көлеңкелі схемасы анықталды. Ал биыл ақпанда аталған банктің кейбір акциялары бұғатталды. Осы орайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктің қазіргі жағдайына баға берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Jusan Bank-тің қазіргі қаржылық жағдайы белгілі болды

«Jusan Bank-тің қазіргі қаржы жағдайы тұрақты. Активтер бойынша еліміздегі 23 банктің арасында 6-орында. Аталған банктің активі - 2,6 трлн теңге, ал оның өтімділігі - 1,4 трлн теңге. Капитал коэффициенттері - 33%, біздің агенттік тарапынан қойылатын минималды талап - 7,5%», – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Оның айтуынша, капитал және өтімділік бойынша аталған банктің жағдайы өте жақсы.