744

«Каникулда университетке не үшін барғанын білмеймін»: Саясат Нұрбек ректораттың 14 қабатынан секіріп кеткен студент туралы айтты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорат ғимаратынан студент қыз секіріп қаза болған еді.

«Каникулда университетке не үшін барғанын білмеймін»: Саясат Нұрбек ректораттың 14 қабатынан секіріп кеткен студент туралы айтты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорат ғимаратының 14-ші қабатынан секіріп кеткен студент қыздың өліміне қатысты пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, қайғылы оқиғаға байланысты қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

«ЖОО басшылығы марқұмның ата-анасына бірден хабарласып, қаржылай көмек көрсетті, жаназасына қатысты. Біз ата-анасымен тікелей байланыстамыз. Ресми ақпарат жақында жарияланады, күтейік», – деді ол Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Тілшілер студенттің жазғы каникул кезінде университет ғимаратында не істегенін сұрағанда, министр бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

«Бұл жайтқа қатысты толық мәліметті Алматы қалалық Полиция департаменті береді. Біз қазір туыстарымен байланыстамыз. Ресми дерек жақын күндері жарияланады», – деді Нұрбек.

Сондай-ақ министр марқұмның ректоратта соңғы рет кіммен сөйлескенін анықтауға уәде етті.

Еске салайық, шілде айының соңында ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті ректорат ғимаратының 14-ші қабатынан секіріп кеткен.

Материал авторы