SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы 15 тамызда Аляскада өтетін Владимир Путинмен кездесуінде Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін көтермек.
Ақ үйдегі брифингте Трамп екі минут ішінде келісімге келу мүмкін бе, әлде жоқ па — соны түсініп алатынын айтты.
«Мен екі жаққа да тиімді мәміле жасағым келеді», – деді ол.
Трамптың жоспары бойынша, Аляскадағы кездесу – тек бастапқы қадам. Соңғы мақсат – Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийді бір үстел басына отырғызу.
«Екеуін бір бөлмеге кіргізу керек, сонда мәселе шешіледі», – деді ол.
Зеленский бұл саммитке қатыспайды. Бұған дейін Трамп ықтимал келісімде аумақ алмасу болуы мүмкін екенін айтқан. Алайда Зеленский Украина жерін «сыйға бермейтінін» қадап айтқан.
ISW талдаушыларының пікірінше, Мәскеу саммитті АҚШ пен Еуропаны іріткі салу үшін пайдаланып, шынайы бітімге мүдделі болмауы мүмкін. The Washington Post дерегінше, Путин Херсон мен Запорожье облыстарының оккупацияланған бөлігін қайтаруға дайын емес, ал Батыс оның ұстанымын қате түсінген.
RUS