Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «Ұлттық» мәртебесі берілді
Асхат Аймағамбетов халықтан сүйінші сұрады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «ұлттық» мәртебеге ие болды. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, халықтан сүйінші сұрады.
«Бұл — әділетті әрі тарихи шешім. 1991 жылға дейін Қазақстанда тек екі ғана университет болды: ҚазМУ және КарМУ (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Бұл дерек оқу орнының сол кездегі де, қазіргі де деңгейі мен әлеуетін дәлелдейді. Ол әлеует әлі де бар және жаңа белеске көтерілуге дайын. Жаңа мәртебе — бұл университеттің жетістіктерін мойындау ғана емес, ғылым, білім және кәсіби даму үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы», — деп жазды депутат.
Аймағамбетовтың айтуынша, «ұлттық» мәртебе оқу орнының бюджетін арттырады. Бұл ұстаздардың жалақысын көбейтіп, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.
Материал авторы