Starlink Қазақстанда ресми қызметін бастады

Енді ел тұрғындары жоғары жылдамдықты интернетке қосыла алады.

Starlink Қазақстанда ресми қызметін бастады
FIRST POST

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 тамыздан бастап SpaceX-тің төмен орбиталық спутниктер желісі арқылы жұмыс істейтін Starlink интернеті Қазақстан аумағында ресми түрде қолжетімді болды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, енді ел тұрғындары жоғары жылдамдықты әрі тұрақты интернетке қосылып, заманауи цифрлық сервистерді пайдалана алады.

Еске салайық, 2025 жылғы 12 маусымда министрлік пен Starlink Қазақстанда қызмет көрсету кезінде ұлттық заңнаманы сақтау туралы келісімге қол қойған еді.

Компания технологиясы шалғай және инфрақұрылымы шектеулі өңірлерде де сенімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Тарифтер, қосылу шарттары және басқа да мәліметтер SpaceX-тің ресми сайтында жарияланған.

Материал авторы