Ким Чен Ын мен Путин Украина мәселесінде ұстанымдарының бір екенін растады

13.08.2025, 10:15
305
Ким Чен Ын мен Путин Украина мәселесінде ұстанымдарының бір екенін растады Kristina Kormilitsyna/Sputnik

Екеуі телефон арқылы сөйлескен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайға қатысты ортақ ұстанымдарын және екі ел арасындағы байланыстарды нығайту жолдарын талқылады. Бұл туралы екі елдің мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады.

Әңгіме барысында Путин Курск облысында Украина қарулы күштеріне қарсы ресейлік әскермен бірге соғысқан солтүстіккореялық сарбаздардың «ерлігі мен жанқиярлығын» жоғары бағалады. Ким Чен Ын Кремльдің Украинадағы іс-қимылдарын «толық әрі шартсыз» қолдайтынын мәлімдеді.

Телефон әңгімесі жұма күні Аляскада өтетін Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуінің қарсаңында болды. Бұл кездесуде Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі ұсыныс талқыланбақ.

Кремльдің мәліметінше, Путин Кимге алдағы Трамппен келіссөздер жайында да ақпарат берген. Алайда Солтүстік Корея БАҚ-ы бұл кездесуді мүлде атамады.

Әскери әріптестік және стратегиялық одақ

Ким мен Путин өткен жылы Пхеньянда өткен саммитте стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойған болатын. Соңғы жылдары екі ел арасындағы байланыс айтарлықтай нығайды: Пхеньян Ресейге әскери техника мен оқ-дәрі ғана емес, әскери қызметкерлер де жіберіп келеді.

Сеулдің дерегінше, өткен жылдың күзі мен биылғы көктем аралығында Солтүстік Корея шамамен 15 мың сарбаз бен артиллерия және баллистикалық зымырандар сияқты әскери жабдық жөнелткен. Биыл сәуірде Пхеньян ресми түрде өз әскери бөлімшелерінің Украинадағы майдан шебінде ресейлік күштерге көмектесіп жатқанын мойындады.

Сонымен қатар, Ким Чен Ын Курск облысына мыңдаған әскери құрылысшы мен сапер жіберуге келісім берген. Оңтүстік Корея барлауы бұл жоспардың жақын арада жүзеге асуы мүмкін екенін айтады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды