Жезқазғанда әйел мен оның қызын қаскөйлер өлтіріп кеткен
1966 жылы туған әйел мен оның кәмелетке толмаған қызы қаза тапты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жезқазғанда 1966 жылы туған әйел мен оның кәмелетке толмаған қызы қаза тапты. Бұл деректі Улытау облыстық полиция департаменті растады.
Полиция мәліметінше, қылмысқа қатысты іс қозғалып, жедел іздестіру шаралары барысында күдікті оқиға ізі суымай тұрып ұсталған. Тергеу кезінде ол кінәсін мойындаған.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыстық ПД басшылығы істі ерекше бақылауға алған.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші