373

Алматыдағы Дженнифер Лопес концертіне қатысты волонтерлердің шағымынан кейін омбудсмен араласты

Іс-шара кезінде балалар ұзақ уақыт бойы ас-сусыз қалған.

Алматыдағы Дженнифер Лопес концертіне қатысты волонтерлердің шағымынан кейін омбудсмен араласты
Алматы әкімдігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концертіне қатысқан кәмелетке толмаған волонтерлер әлеуметтік желіде жұмыс жағдайына қатысты шағым білдірді. Олардың айтуынша, іс-шара кезінде балалар ұзақ уақыт бойы сусыз және тамақсыз қалған.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Комитетке және тиісті органдарға барлық мән-жайды тексеру туралы өтініш жолдағанын мәлімдеді.

Ал жедел штаб өкілдері бұған жауап ретінде волонтерлер ашық іріктеу арқылы таңдалғанын, 6 мың өтініштің ішінен 300 адамның шақырылғанын айтты. Олардың сөзінше, концерт күні волонтерлерге тамақ пен сусын берілген, демалыс аймағы мен ауызсуға қолжетімділік қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, әрқайсысы өз қалауы бойынша жұмыс уақытын таңдай алған.

Ұйымдастырушылар жарияланған кей ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартып, волонтерлік қызметтің ерікті әрі саналы таңдау екенін атап өтті.

Материал авторы