415

Хуторлық Хасанның соты қашан өтетіні белгілі болды

Шерзаттың өлімінен соң белгілі болған Хасан Қасымбаев қамауға алынған еді.

Хуторлық Хасанның соты қашан өтетіні белгілі болды
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі бірнеше ауыр қылмыс бойынша айып тағылған кәсіпкер Хасан Қасымбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы 20 тамызда өтетінін хабарлады. Іс Талғар аудандық сотында қаралады.

Еске салсақ, биыл 21 шілдеде Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық істі айыптау актісімен облыс прокуратурасына жолдаған болатын. 29 шілдеде прокуратура құжатты бекітіп, істі негізгі қарау үшін сотқа жіберді.

Тергеу материалдарына сәйкес, Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау деректері бойынша айып тағылған. Ол өткен жылдың қарашасында қамауға алынды.

Бұл іс қоғамда кең талқыланды. Бұған дейін 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты Талғар ауданының кейбір тұрғындары Қасымбаевты «Хуторские» деп аталатын қылмыстық топтың жетекшісі болуы мүмкін деп мәлімдеген. Ал Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов бұл дерекке қатысты ресми түсініктеме берген еді.

Материал авторы