SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі блогер әрі актриса Әсел Асқар танымал продюсер Гүлзира Айдарбековадан алған ерекше сыйлығын көпшілікке көрсетті.
Әселдің айтуынша, Гүлзира ханым оған жарнамалық бейнежазбаға түсу туралы ұсыныс жасаған.
«Жұмыс нөміріме Гүлзира ханым хабарласты. Қуанып кеттім. «Әсел, сен қазір ең үздік блогерлердің бірісің, сені маған продюсерім мақтап жатыр. Мені қолдап, видеома түсіп берші» деді. Бірден келістім. Ол кісі еңбекқор адам болғандықтан, менің еңбегімді бағалап, ақыма қатысты сұрады. Бірақ мен ақша алмайтынымды айттым. Батасын беріп, риза болды», – деп жазды блогер.
Әсел Асқардың айтуынша, түсірілім кезінде ол жұмысқа жауапкершілікпен қарап, уақытынан ерте келіп отырған. Осы адалдығы мен тәртібі үшін Гүлзира Айдарбекова оған қымбат әшекей сыйлаған.
«Жұмысқа ерте барып, Гүлзира ханыммен шай ішіп, түсірілімге уақтылы қатысып жүрдім. Бір күні ол кісі маған 10 грамм гауһартасы бар әшекей бұйым сыйлады. Мұндай қымбат сыйлық күтпегесін, қатты таңғалдым. Біреуден сыйлық дәмететіндей адам емеспін. Шыны керек, ұялып та қалдым. Біздегі барлық нәрсе шын жүректен болды. Гүл әпкемнің қолын қайтармадым. Бұл жерде мәселе алтынның бағасында емес, ең алдымен сыйластықта. Мұндай нәрсе екінің біріне бұйырмайды», – деді ол.
Әсел Асқар бұған дейін де әлеуметтік желіде жеке өмірі, образдары мен пікірлерімен жиі талқылауға себеп болып келеді.
RUS