«Украинасыз ештеңе шешілмейді»: Киев одақтастары АҚШ-қа бейбітшілікке апарар жолды айтты

14.08.2025, 09:43
519
«Украинасыз ештеңе шешілмейді»: Киев одақтастары АҚШ-қа бейбітшілікке апарар жолды айтты Getty Images / Pool

Германия канцлері Ресей басып алған аумақтарды мойындамауды талап етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Аляскадағы кездесуі қарсаңында Украина президенті Владимир Зеленский мен оның халықаралық одақтастары бейбіт келісімге келу үшін орындалуы тиіс негізгі шарттарды жария етті.

Берлиннен онлайн форматта өткен жиынға Украина басшысы, бірқатар Еуропа және НАТО елдерінің лидерлері қатысты. Олар АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнске Украинаның мүддесі мен қауіпсіздігі ескерілмейінше, Ресеймен бітім туралы әңгіме жүргізу мүмкін еместігін жеткізді.

Басты талаптар мынадай:

  1. Украинасыз келіссөз жүргізілмейді.
    «Біз үшжақты форматты қолдаймыз. Атысты тоқтату және қауіпсіздік кепілдігі болуы керек. Президент Трамп бұл ұсыныстарды қолдайтынын айтты», – деді Зеленский.

  2. Қазіргі майдан шебі – келіссөздің бастапқы нүктесі.
    Германия канцлері Фридрих Мерцтің айтуынша, Ресей басып алған аумақтарды заңды түрде тану мүлде қарастырылмайды.

  3. Қауіпсіздік кепілдіктері.
    Украина басшысы Ақ үй бұл мәселеде Киевпен бір пікірде екенін айтты. Франция президенті Эммануэль Макрон да бұл ұстанымды бөлісті: «Бұл – Еуропаның өз проблемасы. Украина – орыс империализміне қарсы алдыңғы шеп. Олар 2008 жылы Кавказда бастаған, әрі қарай да жүре беруі мүмкін», – деді ол.

  4. Санкцияларды күшейту.
    Киев пен оның одақтастары, егер Ресей атысты тоқтатудан бас тартса, оған қысымды арттыру қажет екенін айтты. Зеленскийдің сөзінше, санкциялар Мәскеудің әскери экономикасына соққы беріп отыр: «Путин бейбітшілікті қаламайды, ол елімізді басып алғысы келеді».

Канцлер Мерц Аляскадағы саммитте Еуропа мен Украинаның іргелі қауіпсіздік мүдделері сақталуы тиіс екенін, бұл бағытта АҚШ-пен ортақ мәмілеге келгендерін жеткізді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды