Тәжікстан президентінің 27 жастағы қызы Денсаулық министрлігінде басшылық қызметке тағайындалды

14.08.2025, 13:14
435
Тәжікстан президентінің 27 жастағы қызы Денсаулық министрлігінде басшылық қызметке тағайындалды Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі

Эмомали Рахмонның кенже қызы маңызды құрылымды басқармақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның кенже қызы Фарзона Эмомали елдің Денсаулық сақтау министрлігінің маңызды құрылымдарының бірін басқаруға келді. Ол реформалар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы болып тағайындалды.

27 жастағы Фарзона Эмомали — Тәжік мемлекеттік медицина университетінің емдеу факультетін тәмамдаған. Кейін педиатрия мамандығы бойынша ординатурадан өткен. 2023 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Ол министрліктегі жаңа қызметіне дейін осы басқармада 2021 жылдан бері маман болып жұмыс істеп келген.

Президенттің қызы — Тәжікстан халық-демократиялық партиясының мүшесі. Министрліктің ресми хабарламасында оның тұрмыс құрмағаны және жалғыз бала тәрбиелеп отырғаны айтылған.

Алайда, «Азаттық» радиосының тәжік қызметінің дерегінше, Фарзона 2022 жылы сол кездегі бас прокурор Юсуф Рахмонның ұлы Сафархон Рахмонға тұрмысқа шыққан. 2025 жылы Сафархон Рахмон қызметінен босатылған.

Айта кетейік, Орталық Азияда билік элитасының балалары мемлекеттік құрылымдарда жоғары қызметтерге жиі тағайындалады. 2024 жылдың соңында Түрікменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің қызы Оғылджаһан Атабаева әкесінің атындағы қайырымдылық қорының емдеу ісі жөніндегі вице-президенті болды. Сол жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің кенже қызы Шахноза елдің Ұлттық паралимпиадалық комитеті төрағасының орынбасары қызметіне сайланды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды