520

Ақтөбеде екі кішкентай бала суға батып кетті

Марқұм балалар 3 және 5 жаста болған.

Ақтөбеде екі кішкентай бала суға батып кетті
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қаласына қарасты Ясное-2 тұрғын алабында 3 және 5 жастағы балалар суға батып қаза тапты. Құтқарушылар олардың денесін 3 метр тереңдіктен алып шықты.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 10 тамыз күні Алматы ауданы аумағында болған. 2020 және 2022 жылы туған екі баланы іздестіруге жедел-құтқару жасағы мен арнайы техника жұмылдырылды.

Құтқарушылар балаларды шомылуға тыйым салынған жерде, жағадан шамамен 2 метр қашықтықта тапқан. Олар су түбінен денелерін шығарып, полицияға тапсырған.

ТЖД ата-аналарға су жағасында балалардың қауіпсіздігін қатаң қадағалауды ескертеді. Мамандардың айтуынша, тіпті бірнеше минутқа қараусыз қалдыру орны толмас қайғыға соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ, тек құтқарушылар кезекшілік ететін және арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылу ұсынылады.

Материал авторы