SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жезқазғанды дүр сілкіндірген екі кісі өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Қайтыс болған 59 жастағы әйел қала әкімінің аппаратында бухгалтер болып істеген.
Оқиға бірнеше күн бұрын болған. «Патриот» паблигінің мәліметінше, қанды қылмысқа марқұмдардың отбасы танысы күдікті ретінде ұсталған. Тергеу нұсқасына сай, әйелге пышақпен жеті рет соққы жасалған, ал оның 17 жастағы қызы темір сыммен буындырылған. Қыз Астанадағы халықаралық колледждің екінші курсында оқыған.
Марқұмдар бір тәуліктен астам уақыт бойы туыстарымен байланысқа шықпаған. Ағасы алаңдап, қосалқы кілтпен пәтердің есігін ашқанда, сұмдық көрініске тап болып, дереу полицияға хабар берген.
Полиция күдіктінің кінәсін мойындағанын мәлімдеді. Қазір тергеушілер қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр, алайда қылмыс себебі әзірге жария етілмеген.
RUS