Алаяқтыққа күдікке ілінген NEF Qazaqstan басшысы қолға түсті

14.08.2025, 15:55
463
Алаяқтыққа күдікке ілінген NEF Qazaqstan басшысы қолға түсті qamqor.gov.kz

Тарык Волкан Оскай ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда алаяқтық бабы бойынша іздеуде болған NEF Qazaqstan компаниясының 52 жастағы басшысы Тарык Волкан Оскай ұсталды. Бұл ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігі растады.

ІІМ дерегінше, Алматы қаласы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу шеңберінде істің мән-жайын жан-жақты анықтау шаралары қабылдануда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мәліметтері жарияланбайды.

Министрлік күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі Бас прокуратураның құзыретінде екенін атап өтті.

Ашық деректерге сәйкес, 2022 жылы Astana International Exchange (AIX) алаңында NEF Qazaqstan 6 млрд теңгеге алғашқы облигацияларын орналастырған. Алайда 2023 жылы компания 4 млрд теңгеден асатын негізгі қарызды және 402 млн теңге мөлшеріндегі купондық төлемді өтей алмай, AIX тарихындағы алғашқы дефолтқа жол берген.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды