SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында полицейлер әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істеген бопсалаушылар тобын әшкереледі.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2024 жылдың мамырында бірнеше қыз ер адамдармен интернеттен танысып, қарым-қатынасты интимдік байланысқа жеткізген. Осыдан кейін олардың сыбайластары іске қосылып, жәбірленушілерді ойдан шығарылған айыптармен қорқытып, ақша талап еткен.
Күдіктілердің ер адамдарға «зорлау» туралы арыз жазатынын немесе «жүктілік» жайлы хабар тарататынын айтып қорқытқаны анықталды. Бір оқиғада олар кәмелетке толмағанға «қастандық жасалды» деп инсценировка жасап, 800 мың теңге бопсалаған. Басқа жағдайда өздерін полицей ретінде таныстырып, күш қолдану арқылы 500 мың теңгені тартып алған.
Барлығы тоғыз адамнан тұратын топ 11 ер азаматтан 350 мыңнан 2 млн теңгеге дейін ақша алған. Күдіктілер қамауға алынды.
Бұған дейін хабарланғандай, бопсалаушылық пен зорлық-зомбылықтан жезөкшелікпен айналысатындар, соның ішінде трансгендерлер де зардап шегеді. Олардың айтуынша, қысым мен ақша талап ету тек кездейсоқ клиенттерден ғана емес, полиция өкілдерінен де болуы мүмкін. Кей жағдайларда олардан құжаттарын тартып алып, видеоға түсіріп, жариялау арқылы бопсалаған, «қорғау» немесе «жауапкершіліктен босату» үшін ақша сұраған.
RUS