506

Орал тұрғындары қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесін тауып алды

Полиция баланың анасын іздеп жатыр.

Орал тұрғындары қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесін тауып алды
көрнекі сурет / moscowproc / Telegram

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының орталығында жантүршігерлік жағдай болды. Орал қаласында өтіп бара жатқан адамдар қоқыс контейнерінің ішінен жаңа туған нәрестенің денесін көріп қалған.

Krispastana басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға Зачаганск кентінде, Бірлік көшесіндегі №17 үйдің жанында болған.

Оқиға орнына полиция шақырылып, аймақ қоршауға алынды. БҚО ПД баспасөз қызметі бұл деректі растады.

«Қазіргі уақытта нәрестенің анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеріс басталды» – деп хабарлады полиция өкілдері.

Материал авторы