541

Ким Чен Ын: Ресей мен Солтүстік Корея бірге неонацизмге қарсы күресеміз

Ол Украина жерін басып алуды – неонацизмге қарсылық деп бағалады.

Ким Чен Ын: Ресей мен Солтүстік Корея бірге неонацизмге қарсы күресеміз
Владимир Смирнов / ТАСС

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, КХДР басшысы, Корея Еңбек партиясының бас хатшысы Ким Чен Ын Ресей мен Солтүстік Кореяның бірлесіп неонацизмге қарсы тұрып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Корей түбегінің жапон отарлығынан азат етілгеніне 80 жыл толуына арналған сөзінде айтты.

«Бүгінде Ресей-Корея достық қатынастары бұрын-соңды болмаған әскери одаққа айналды. Бұл байланыстар неонацизмнің қайта жандануына қарсы бірлескен күресімізде одан әрі нығайып келеді», — деді Ким Чен Ын.

Оның айтуынша, екі ел де әрқашан «тарихи шындық жағында» болып, әділет, бейбітшілік, тұрақтылық пен егемендік жолында күш біріктіріп келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин КХДР Жоғарғы халық жиналысының шақыруымен Пхеньянға келген еді.

Материал авторы