SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Ирак чемпионатына ауысуы ықтимал.
Жуырда ғана 28 жастағы футболшының Түркияның «Адана Демирспор» клубымен келісімшарты аяқталып, ол еркін агент атанды. Legalbet.kz мәліметінше, түрік агенттері Айымбетовтің өкілі Траян Гергишанмен байланысып, Ирак клубтарының біріне көшу мүмкіндігін талқылауда.
Бұған дейін ирактық «Эрбиль» Өзбекстан құрамасының экс-ойыншысы Шерзод Темировты, ал «Багдад Аманат» өзбек жартылай қорғаушысы Бахтиёр Косимовты қатарға қосқан болатын.
Қазақстан клубтарынан да ұсыныстар болғанына қарамастан, Айымбетов мансабын шетелде жалғастыруға ниетті.
RUS