2508

Маңғыстау әкімі Нұрдаулет Қилыбай некесіз баланың әкесі деп сотпен танылды

Енді әкім баласына ай сайын алимент төлеп отырады.

Маңғыстау әкімі Нұрдаулет Қилыбай некесіз баланың әкесі деп сотпен танылды
intash_nauryzova / TikTok

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында бірнеше айға созылған даулы сот ісіне нүкте қойылды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбайды бұрынғы мәслихат депутаты Ынташ Наурызованың үш жасар ұлы Әміренің әкесі деп ресми таныды.

Даудың бастауына Наурызованың әлеуметтік желідегі ашық мәлімдемесі түрткі болған. Ол баланың әкесі – облыс әкімі екенін жариялап, Қилыбаймен арада романтикалық қарым-қатынас болғанын айтқан. Экс-депутаттың сөзінше, бала дүниеге келген соң шенеунік байланысын үзіп кеткен.

Ал Нұрдаулет Қилыбай бұл айыптауларды бұрыннан жоққа шығарып, баланың өзіне қатысы жоқ екенін айтып келген.

Алайда сот бүгінгі шешімінде әкімді баланың әкесі деп танып, кәмелет жасына дейін ай сайынғы жалақысының 25%-ын алимент ретінде төлеуді міндеттеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор