SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен Аляскада өтетін келіссөздерге ұшар алдында Truth Social желісінде қысқаша мәлімдеме жариялады.
«Қойылатын талаптар өте жоғары!!!» – деп жазды Трамп.
АҚШ делегациясы 16 адамнан тұрады. Оның ішінде президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф бар. Ресей тарапынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров, қорғаныс министрі Андрей Белоусов, қаржы министрі Антон Силуанов және Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев қатысады.
RUS