SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 12 тамыз кешкісін «СарыарқаАвтоПром» зауытында ауыр өндірістік жарақат алу жағдайы тіркелді.
Өндірісті бақылау бөлімінің маманы Әділ Көбегенов қойма аумағында жүк тиегішке жол беріп, тоқтаған. Техника алға жүрген соң, ол қозғалысын жалғастырған. Сол сәтте жүк тиегіштің жүргізушісі артқа жүре бастаған, бірақ қауіпсіздікке көз жеткізбеген. Жылдамдық алған арнайы техника 32 жастағы жұмысшының аяғын басып кеткен.
Әділдің айтуынша, жүргізуші оның аяғын дөңгелектен босату үшін қайтадан алға жүруге мәжбүр болған. Нәтижесінде ол ауыр жарақат алды. Әріптестері дереу белбеуден тартқыш жасап, алғашқы көмек көрсеткен. Зауыттың фельдшері анестезия жасап, жедел жәрдем шақырылғанымен, бригада 20 минуттан кейін жеткен.
Жаралы жұмысшы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жедел ота жасалды. Туыстары зауыт басшылығы бұл мәселені барынша жауапкершілікпен шешетініне үміт білдіруде. «СарыарқаАвтоПром» өкілдері зардап шеккеннің отбасына қолдау көрсетіп жатқанын айтты. Ал жұмыс беруші тергеу жүріп жатқандықтан, әзірге түсініктеме беруден бас тартты.
14 тамызда Әділдің жағдайына қатысты жергілікті және астаналық дәрігерлер телемедицина арқылы кеңес өткізді. Санавиация қызметі оны басқа қалаға тасымалдаудан бас тартып, Қостанайда емін жалғастыруды ұсынды.
RUS