787

Атырауда апа жол апатынан аударылған көлікті көтеруге көмектесті

Жол бойында көлік аударылып қалған көрінеді.

Атырауда апа жол апатынан аударылған көлікті көтеруге көмектесті
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда болған жол апатынан кейін қарт әйел оқиға орнына жиналған адамдармен бірге аударылып кеткен автокөлікті орнына қойды. Оқиға видеосы «atpress.kz» паблигінде жарияланған.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 15 тамыз күні сағат 09:30 шамасында Владимирская көшесінде болған. Hyundai Tucson және Chevrolet Nexia маркалы көліктер соқтығысып, соның салдарынан Hyundai Tucson жол жиегіне аударылған.

Жедел жәрдем қызметі жүргізушілер мен жолаушыларды Атырау облыстық ауруханасына жеткізді.

Материал авторы