411

Maxima Masters Eurasia Кіші кубогының шыңында – Қазақстан

Maxima Masters Eurasia Кіші кубогының конкур бойынша финалдық кезеңінде қазақстандық шабандоз Раиса Соколенко (Prestige Horse Club) биіктігі 135 см болатын маршрутта алтын медальға қол жеткізді.

Maxima Masters Eurasia Кіші кубогының шыңында – Қазақстан
Соколенко Олег

Uran nad Wigrami тұлпарына мінген ол қашықтықты мінсіз әрі қарқынды еңсеріп, Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Қырғызстаннан келген 24 қарсыласын артта қалдырды. Шешуші жарыста Соколенко көш бастап келе жатқан спортшыдан 0,31 секундқа озып, Қазақстанға халықаралық аренада жарқын жеңіс сыйлады.

Раиса сегіз жасынан бастап ат спортымен шұғылданып келеді. Бүгінде ол Қазақстанның көк туы астында, Prestige Horse Club құрамында өнер көрсетіп, ұлттық ат спортының дамуына елеулі үлес қосуда.