Алматыда 29 жастағы ер адам сегіз күннен бері табылмай жатыр
Жігіттің жақындары оған қауіп төніп тұрған болуы мүмкін екенін жеткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 8 тамыз күні із-түзсіз кеткен 29 жастағы Қалижан Өтеповті туыстары іздеп жатыр.
Бауырларының айтуынша, ол сол күні таңғы 10:15 шамасында Нұркент ықшамауданындағы үйінен шығып кеткен. Соңғы рет бейнебақылау камералары оны Медеу ауданында тіркеген. Содан бері сегіз күн өтті, байланысқа шықпаған.
«Өткен уақытты ескерсек, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Ол қауіпті жағдайға тап болған болуы ықтимал. Оперативті іздестіру жұмыстарының кешігуі орны толмас салдарға әкелуі мүмкін», – дейді жақындары.
Приметалары: бойы – 170 см, орта денелі, қысқа қоңыр шашты. Үстінде – ақ футболка, қоңыр шалбар, қоңыр сандал, қолында сұр рюкзак болған.
Кез келген мәліметті мына телефон нөмірлеріне хабарлауға болады:
8 708 130 59 00
8 702 333 12 0
8 775 998 97 09
Материал авторы