1515

«Жолдасы қайтқан адамға ұқсамайды»: Ләйлә Сұлтанқызы сын айтқандарға жауап берді

Қартайып жатқанымды қабылдаған адаммын дейді ол.

«Жолдасы қайтқан адамға ұқсамайды»: Ләйлә Сұлтанқызы сын айтқандарға жауап берді
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал тележүргізуші және журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде өз келбетіне қатысты айтылған пікірлерге жауап берді.

Оның айтуынша, бір оқырманы «Жолдасы қайтқан адамға ұқсамайсың» деп жазған. Журналист бұл пікірді ер адамдардың әйелдің сыртқы келбетіне жиі сын айту үрдісімен байланыстырды.

«Мұхтар есімді оқырман жазыпты. Әйелдің сымбатына, түріне, шашына, тырнағына, көзіне көп жағдайда сын айтатындар – ер адамдар. Ер азаматқа жараспайды деп ойлаймын. Өз ойын фактімен айтқысы келетін шығар, бірақ әйел тақырыбынан бөлек те жайттар толып жатыр ғой. Физиологиялық тұрғыда жасармайтынымды білемін. Қартайып жатқанымды қабылдаған адаммын. Жасымды ешқашан жасырған емеспін. Алла қаласа, осы қыста 48 жасқа толамын. Бір-бірімізді қолдап, жылы сөз айтайықшы», – деді ол.

Ләйлә Сұлтанқызының бұл жауабы желі қолданушыларының қолдауына ие болды.
«Күйеуі қайтқан әйел құлпыра алмай ма?», «Келіншегім 48 жасқа сіздей болса, арманым жоқ», «Өлгеннің артынан өлмек жоқ, бақытты болыңыз» деген пікірлер жиі жазылды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор