Трамп Зеленскийге Қырым мен НАТО-дан бас тартуды талап етті

18.08.2025, 09:45
666
Трамп Зеленскийге Қырым мен НАТО-дан бас тартуды талап етті Kevin Lamarque/Reuters

Ол соғысты тоқтатудың жолын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты бір сәтте тоқтатуға болады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Владимир Зеленский Ресейдің екі талабына келіссе, қақтығыс тоқтайды.

«Зеленский қаласа, соғысты бірден тоқтата алады. Немесе күресті жалғастыра береді. Бәрі қалай басталғанын ұмытпайық. Қырымды қайтару болмайды — ол Обама кезінде, 12 жыл бұрын, бір оқ атылмастан берілген. Ал Украина үшін НАТО-ға кіру де жоқ. Кейбір нәрселер ешқашан өзгермейді», — деп жазды Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында.

Бұл мәлімдеме Зеленскийдің Ақ үйге сапары қарсаңында айтылды. Украина президентімен бірге Вашингтонға Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция және Финляндия елдерінің көшбасшылары, сондай-ақ НАТО бас хатшысы мен Еуропалық комиссия төрайымы келеді.

«Ертең Ақ үйде тарихи күн болады. Мұндай көп еуропалық лидерлер бір уақытта бұрын-соңды жиналған емес. Олармен кездесу — мен үшін үлкен мәртебе», — деп жазды Трамп басқа бір жазбасында.

CNN мәліметінше, Трамптың бұл пікірі Зеленскийдің Вашингтондағы кездесуде айтарлықтай қысымға тап болуы мүмкін екенін аңғартады. Телеарна атап өткендей, Қырымнан бас тарту және НАТО-ға мүше болмау — Ресей президенті Владимир Путиннің де негізгі талаптарының қатарында бар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды